«Қазақтың ұлттық тағамдары» атты танымдық байқау

09.06.2025

5 маусым күні «Балапан» мектепшілік жазғы лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты танымдық байқау ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын таныту, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлық дәстүріне деген құрметті қалыптастыру болды.

Байқау барысында балалар «Бұл қандай тағам?» атты слайд-презентация арқылы ұлттық тағамдардың түрлері мен олардың дайындалу жолдарымен танысты. Сонымен қатар, «Дастархан басында сақталатын ырым-тыйымдар» тақырыбында мазмұнды мәлімет алды.

Оқушылар екі топқа бөлініп, мақал-мәтелдер айтып, сөзжұмбақ шешіп, суреттер бойынша пазл құрастыру арқылы өзара жарысты.
Шара балалардың ұлттық тағамдарға деген қызығушылығын арттырып, таным қабілеттерін кеңейтті.

Просмотров: 1867


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу