Ақмола облысы Ақкөл ауданы білім бөлімінің "Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Кенес" отдел образования Аккольскому района Акмолинской области

Жалпықазақстандық ашық диктант "Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек"

05.09.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп, 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай жыл сайын жалпықазақстандық ашық диктант (бұдан әрі – диктант) ұйымдастырып келеді.
​Биыл бұл шара Үкіметпен бекітілген «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (24.10.2024ж. №878 қаулы, 24-тармақ – ҚХА 30 жылдығына арналған  мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу) шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
​Диктанттың мазмұны еліміздің тарихында айрықша орны бар белгілі тұлғалардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, мәдениет пен әдебиет өкілдерінің өмірі мен еңбегіне арналады. Бұл дәстүр жұртшылықтың елге еңбегі сіңген қайраткерлердің мұрасын дәріптеп, ел тарихын және рухани құндылықтарды терең тануға жетелейді.
​Осы жылы диктант мәтіні ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.

Просмотров: 89


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желідеміз

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100055262707324   

Ұйымдар тізімі
Текст