

14 ақпан күні мәдениет үйінде мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарымен бірге "Ауғанстан жерінен әскердің шығарылған" күніне орай тағылымды кездесу өтті. Бұл күн - тарих бетінде өшпес із қалдырған жауынгерлердің батылдығын еске алып, олардың рухына құрмет көрсететін маңызды сәт.
Ауған соғысының ардагерлері — елге адал қызмет пен қайсарлықтың жарқын үлгісі. Олардың ерлігі мен өмір жолы жас ұрпаққа әрдайым өнеге болып қала береді Ауған соғысы ардагерлерімен мазмұнды кездесу өткізді. Қонақтар өз өмір жолдары мен ерлікке толы естеліктерін бөлісіп, жас ұрпаққа отансүйгіштік, батылдық және бірліктің маңызын түсіндірді.
Ардагер қонақтарымыз:
1. Гамастинов Салимжан Ғалымжанович
2. Патока Сергей Александрович
3. Арсенов Александр Сергеевич
4. Акимов Болат Тосович
Осындай тағылымды әңгімелер оқушыларға рух беріп, елге қызмет етудің қадірін ұғындырды.
Ардагерлерімізге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр
тілейміз!
Кешті ұйымдастырған ұстаздар мен мәдениет қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!