Әз-Наурыз құтты болсын!

30.03.2026

Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған тағылымы мол, көркі жарасқан іс-шара өтті.

Наурыз - жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен татулықтың нышаны. Бұл күні мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, салт-санамызды жаңғыртқан ерекше мерекелік кеш ұйымдастырды.

Іс-шара барысында әсем ән шырқалып, мың бұралған бишілер би билеп, күмбірлеген күй төгілді, ұлттық дәстүр, көріністер қойылды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір сәті шаттық пен жылулыққа толы болды.

Осындай мәні терең, мазмұны бай мерекелер жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани тәрбиенің негізін қалайды. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Наурыз құтты болсын!

Просмотров: 678


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу