2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күні!

02.04.2026

 

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай мектеп кітапханасында ерекше танымдық шара өтті. Кітапханашы Тойлан Берікболат оқушылармен кездесіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Танымдық сағат барысында оқушылар түрлі әдеби шығармалармен танысып, кітап оқудың пайдасы мен рухани құндылығы жайлы ой бөлісті. Шара қызықты сұрақ-жауаптармен, шағын талқылаулармен толықтырылып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсті.

Бұл кездесу оқушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, олардың оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Кітап – білімнің кілті екенін ұғындырған тағылымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 628


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу