«Қазақ музыка өнерінің гималайы -Ахмет Жұбанов» атты дөңгелек үстел

21.04.2026

«Қазақ музыка өнерінің гималайы -Ахмет Жұбанов» атты дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара ретінде өтті. Бұл кездесудің басты мақсаты -қазақ музыка өнерінің ірі тұлғасының өмір жолын, шығармашылық мұрасын және ұлттық мәдениеттегі орнын кеңінен насихаттау болды.

Іс-шара барысында қатысушылар Ахмет Жұбановтың өмірбаянымен тереңірек танысып, оның қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі екендігіне көз жеткізді. Әсіресе, оның композиторлық еңбектері, ғылыми зерттеулері мен ұлттық өнерді дамытудағы өлшеусіз үлесі жан-жақты сөз болды. Оның шығармалары қазақ халқының рухани байлығының ажырамас бөлігі екені атап өтілді.

Дөңгелек үстелдің тағы бір ерекшелігі- ұлы тұлғаның ойнаған музыкалық аспаптарының таныстырылуы. Қатысушылар домбыра, скрипка секілді аспаптардың үнін тыңдап, олардың қазақ музыка мәдениетіндегі маңызын сезіне алды. Бұл көрініс шараның әсерін арттырып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Просмотров: 177


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу