1-қыркүйек "Білім күні" 2026-2027 оқу жылы

04.09.2026

Білім күні – жаңа бастамалардың бастауы

 
1 қыркүйек – Білім күніне орай Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар және ардагер ұстаздар мен ауылдың құрметті қонақтары қатысты.
 
Жиында мектеп директоры Канди Б. сөз сөйлеп, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тіледі. Сондай-ақ шараға ардагер ұстаздар Теміртас Р., Күлпаш Х., Шериязданов Е. және басқа да қадірлі қонақтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
 
Салтанатты жиын білімге ұмтылыс пен ұстаз еңбегін дәріптеген әсерлі мерекелік көңіл күйде өтті. Жаңа оқу жылы барша оқушы мен ұстазға жаңа жетістіктер әкелсін!
#БілімКүні
#Алғашқықоңырау
#1қыркүйек
#Ақкөлбілімбөлімі

 

Просмотров: 20

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу