"Қарттар күнімен" құттықтау
02.10.2026
🌷 ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🌷
Құрметті ардагерлер, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – өмірдің талай белесін көріп, кейінгі ұрпаққа өнеге мен тәрбие, ақыл мен парасат сыйлаған ардақты жандарсыздар. Сіздердің еңбектеріңіз бен өмір жолдарыңыз – біз үшін үлкен үлгі.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Әр күндеріңіз қуанышқа, мейірімге және жақындарыңыздың ыстық ықыласына толы болсын!

Просмотров: 14