"Ұстаз ұлы тұлға!" атты мерекелік концерт
05.10.2026
🌷 «Ұстаз – ұлы тұлға» 🌷
Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, жүректерге ізгілік пен мейірім ұялататын ұлы тұлға. Осы айтулы мерекеде ұстаздарға деген құрмет пен ыстық ықылас концерттік бағдарлама арқылы ерекше көрініс тапты.
🎶 Мерекелік кеш барысында оқушылардың орындауында әсерлі әндер шырқалып, әсем билер ұсынылып, ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектер айтылды.
Кештің қадірлі қонақтары – ардагер ұстаздарымыз К.Х. Аскенова, Т.Р. Жетпісов және Е.К. Шерьезданов сөз сөйлеп, ұстаздық жолдағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі әріптестері мен жас ұрпаққа ізгі тілектерін білдірді.
💐 Ардагер ұстаздардың өнегелі жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал олардың айтқан ақыл-кеңесі – баға жетпес рухани мұра.
Барша ұстаздарымызды кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ұстазға құрмет – ұрпаққа тағылым! ❤️


