«АЙҚАНАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ

21.10.2026

🏆 «АЙҚАНАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2026 жылғы 20 қазанда Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қабырғасында «Айқанат» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. 🇰🇿

Аталған байқау оқушылардың білім деңгейін арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға, дарынды оқушыларды анықтауға және олардың білімге деген қызығушылығын қолдауға бағытталған.

Байқауға қатысушылар өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Осындай зияткерлік сайыстар жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандырады.

Барлық қатысушыларға сәттілік, білім жолында биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз! 🌟

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!

Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу